Жүрекпен рухтандырылған!

31.10.2018

2018 жылдың 8-19 қазан аралығында, жалпы білім беру және арнайы пәндерін жүргізетін оқытушылар – Мухамадиева А.Д., Омарова М.Т. «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты курсында «Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО бойынша ПҚ біліктілік арттыру институтында өз біліктерін арттырды.

Курстық дайындық барысында облыс және қаланың 27 оқытушылары жоғарыда көрсетілген тақырыпқа сәйкес өз біліктілігін арттырды.

Курс бағдарламасы педагог тұлғасының адамгершілік-рухани өзгерісіне, оның ішкі әлеуетін ашуға бағытталған.

Курстық дайындықты жүзеге асыру барысында келесі міндеттер шешілді:

  • бағдарламаның теориялық негіздер тұжырымдамасын түсіну;
  • жеке және кәсіби өмірде жалпыадамзаттық құндылықтар практикасы процесінде жеке тәжірибені жоспарлау, өзіндік бақылау және талдау дағдыларын қалыптастыру;
  • «өзін-өзі тану пәнін» оқу және оқудан тыс жұмыстарға, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге, сондай-ақ ата-аналармен жұмыстармен интеграциялау;
  • мұғалімнің сабақ беру мен оқытудағы өзгерістерін өзі және өзара рефлексия және бағалауы.

Біздің тренеріміз Даулетова Дариға Оразаевнаның арқасында сабағымыз қызықты әрі жағымды психологиялық жағдайында өтті. Мұндай курс бізге өз мазмұнымен, жаңа жұмыс түрлерімен, рухани тәжірибелермен өте ұнады, және де үлкен қуат пен шабыт алуға мүмкіндік берді.

Дариға Оразаевна өз сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін пайдаланды. Біз ән айтып, дәйексөздердің мағынасын, әңгімелерді талқыладық, адамзаттың ұлы адамдарының өмірбаяндарын талдап, бейнероликтерді көріп, оларды әңгімелеп, Шалва Амонашвилидің кітаптарын оқып, пікір жазып, өзін-өзі тану сабақтарын өткіздік.

Курстардың сапалы ұйымдастырылған бағдарламасы бізге өзін – өзі танудың барлық жалпыадамзаттық құндылықтарын - Ақиқатты, Сүйіспеншілікті, Дұрыс әрекетті, Қиянат жасамауды, Ішкі тыныштықты іске асыру тәжірибесін егжей-тегжейлі талдауға, өзін-өзі тану идеяларын басқа пәндермен интеграциялау мысалдарын талдауға мүмкіндік берді.

Біз аз уақыт ішінде, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, жалпыұлттық идея контекстінде тәрбиелеу және оқыту идеяларын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мен идеяларды талқылау мақсатында өткізілген «Мәңгілік Ел-жаңартылған білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі» тақырыбы бойынша Республикалық ғылыми-тәжірибелік online - конференцияның қатысушылары болуға үлгердік. Сонымен қатар «Қоғамның рухани жаңғыруы контекстінде педагогтардың біліктілігін арттыру: өлкетану аспект» тақырыбы бойынша Республикалық дистанциялық teach-in қатысушылары «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ҚР Президентінің Жолдауына сәйкес қоғамды рухани жаңғырту идеяларымен таныса алдық.

Колледж әкімшілігіне қызметкерлерді кәсіби дамытуға қосқан зор үлесі үшін, «Өрлеу» филиалына қазақстандық білім беруді дамытуға, курстарды кәсіби ұйымдастыруға қосқан зор үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта жемісті ынтымақтастық орнатуға үміттенеміз.

Жалпы білім беру және арнайы пәндерін жүргізетін оқытушылар - Омарова М.Т., Мухамадиева А.Д.,
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі,
«Өзін-өзі тану» курсының тыңдаушы.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст